Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 19 қаңтар күні Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. Нақтылап айтсақ, Украина, Грузия, Түркия, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары Рыпакова жүлдесіне таласпақ.

Атлеттер төмендегі спорт түрлер бойынша сынға түседі:

1. 60, 400, 800 және 3000 метрге жүгіру;

2. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

3. Сырықпен секіру

4. Биіктікке секіру

5. Ұзындыққа секіру

6. Үш қарғып секіру

7. Эстафета

Айта кетер жайт, жарыстың негізгі бөлігімен бірге «Алтай» клубының балаларға арналған Athletics KIDS CUP турнирі ұйымдастырылады.