Өскеменде өртенген үйден ер адамның денесі табылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында пәтерде өрт шығып, 37 жастағы адам көз жұмды.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 наурыз күні Бажов көшесінде болған. Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты.

«Үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен қою түтін шығып жатқанын байқаған куәгерлер өрт сөндірушілерге қоңырау шалған. Сол жерге келіп жеткен ТЖД қызметкерлері автосатымен көтеріліп, терезе арқылы ішке кірді. Пәтерде жеке заттар, тұрмыстық техника, еден мен есік жанып жатты» делінген ақпаратта.

Бөлмелердің бірінен денесін термиялық күйік шалған адамның мәйіті табылды.

Марқұмның 37 жастағы ер адам екені белгілі.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған.