ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт Шмелев лог шағын ауданындағы Рылеев көшесінде орналасқан жер үйде шыққан.
— Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Сол кезде үй ішін ашық жалын шарпып жатқан. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Үй ішінен 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрді құраған. Оттың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенгені хабарланған.