Өскеменде өртеніп жатқан көлік атылып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі 30-шы Гвардиялық дивизиясы көшесіндегі 18 үйдің ауласында автомобиль өртеніп, қас-қағым сәттен кейін ол қып-қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қалалық ТЖ бөлімі мамандарының айтуынша, көліктің өртенуіне электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себепші болған.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерге жарияланды.