Өскеменде осыдан бір ай бұрын жоғалған екі жасар қыз баланың денесі табылды
14:17, 26 Қазан 2009
ӨСКЕМЕН. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жексенбі күні сағат 12.00-де төтенше жағдайлар департаменті кезекшісінің пультіне понтон көпірінің маңайында балық аулап жүрген ер азаматтың судан кішкентай баланың денесін тапқаны туралы хабар келіп түсті.
Кейін анықталғандай, ол қыркүйектің 21-де Өскемендегі саяжай кооперативтерінің бірінде жоғалып кеткен 2 жасар Настяның денесі болып шықты. Баланың мәйіті полицияға тапсырылды.
Қыркүйек айының соңында орын алған бұл оқиға Өскеменде үлкен толқу туғызған болатын. Баланың ата-анасы, қала тұрғындары, полиция қызметкерлері оны кешегі күнге дейін іздестіріп келді.