Өскеменде өзіне қол салмақ болған бойжеткен құтқарылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ұлттық ұлан сарбаздары бойжеткенді қансырап жатқан жерінде тауып алып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шаралары кезінде Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің әскери наряды балалар алаңында қансырап жатқан бойжеткенді тауып алған. Қатардағы жауынгер Табыс Қайрат радиостанция арқылы патрульдік топтың бастығы – лейтенант Ермек Уәлиевті шақырады. Ұлттық ұлан сарбаздары осылайша бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қолын дәкемен орап, қауіптің алдын алған.

Бойжеткеннің қолын лезвиемен тілгілеп, өз-өзіне қол салмақ болғаны анықталып отыр. Ол бұл қадамға сүйіктісімен келіспей қалуы себебінен баруы мүмкін.

Осыдан кейін оны жедел жәрдем бригадасы алып кетті. Бойжеткен облыс орталығындағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.