«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шаралары кезінде Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің әскери наряды балалар алаңында қансырап жатқан бойжеткенді тауып алған. Қатардағы жауынгер Табыс Қайрат радиостанция арқылы патрульдік топтың бастығы – лейтенант Ермек Уәлиевті шақырады. Ұлттық ұлан сарбаздары осылайша бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қолын дәкемен орап, қауіптің алдын алған.
Бойжеткеннің қолын лезвиемен тілгілеп, өз-өзіне қол салмақ болғаны анықталып отыр. Ол бұл қадамға сүйіктісімен келіспей қалуы себебінен баруы мүмкін.
Осыдан кейін оны жедел жәрдем бригадасы алып кетті. Бойжеткен облыс орталығындағы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.