ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарында кезекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кезекшілік 5 тамыздан басталды.
«Коронавирус инфекциясы таралуының күрт өсуіне байланысты адам көп жиналатын мекемелердің маңында тәртіп сақшылары кезекшілік ететін болады. Өкінішке қарай, тұрғындардың басым бөлігі санитарлық эпидемиологоялық дәрігер қаулысының талаптарын елемей жатыр. Осының салдарынан вирус жұқтырғандар саны артып келеді», - делінген ақпаратта.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері шаһардағы барлық ірі ойын-сауық орындарының жанында кезекшілік етеді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.