— Дәмханаға келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын келтірген. Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті, — делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
— Қаза болған азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде ірі көлемде психотроптық заттар саудалаған екі адам ұсталғаны хабарланған.