Өскемен қаласында полиция іздеу жариялаған әйел Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
16 қараша күні қала тұрғындары Ертіс жағалауындағы парапеттен құлап кеткен әйелді байқап, құтқарушылар мен жедел жәрдемге хабар берген.
«ТЖД қызметкерлері оны зембілге салып көтеріп, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алайда ол ауруханада көз жұмған. Анықталғандай, бұл әйелге 13 қарашада полиция іздеу жариялаған. Қала тұрғыны жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.