ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам 2 жыл бойы пробациялық есепте тұрған. Оның жазасын өтеуіне екі ай ғана қалған еді. Алайда ол бақылаудан жасырыну үшін электронды бақылау білезігін шешіп тастаған.
«Сол жағалау ауданындағы пробация қызметінің мамандары пробациялық бақылауды бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығы туралы ер адамға бұған дейін бірнеше рет ескерткен. Бірақ 52 жастағы азамат ескертуді елемеді. Оған қатысты арыз сотқа жолданып, бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды», - делінген ақпаратта.
Енді өскемендік жазасының қалған мерзімін түрмеде өткізеді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында биылдан бастап электронды бақылау білезіктері қолданылып жатыр. Осындай білезіктер өңір бойынша 400 адамға тағылған.