Өскеменде рұқсат етілмеген жерден өткен әйелді көлік қағып кетті

Өскемен қаласында рұқсат етілмеген жерден өткен жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Ауыр соққыдан кейін әйел адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Кazinform.

Фото: Kazinform

Оқиға 31 қазан күні кешкі уақытта Қабанбай батыр көшесінде болған. Әйел адам жолды жаяу жүргіншілер жолағынан емес, жүруге рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан.

«Соның салдарынан қала тұрғынын көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы екі тасжолда қыс соңына дейін көлік қозғалысы шектелгені хабарланған