ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері «Сергек» камералары 700-ден астам заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне өткен жиын барысында облыс әкімі аппаратының басшысы Марина Гагарина айтты.
«Облыс орталығында 1700 камера бар. Олар жол қиылыстары мен жекелеген аумақтарда, сауда орталықтары мен адам көп шоғырланатын орындарда орнатылған. 2020 жылы «Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен 714 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар 2 қылмыстық іс ашылған», - дейді ол.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.