Оған облыстың 11 ауданынан келген 13 отбасы қатысады. Шығармашылық жұмыстардың бәсекесі басталмас бұрын әрбір талантты отбасы жайлы, олардың немен қызыға айналысатындықтары туралы бейнебаяндау ұсынылады.
Фестиваль ұйымдастырушылары оның бағдарламасында сондай-ақ отбасылық музыкалық ансамбльдерді қолдау қоғамдық орталығының тұсаукесері жоспарланғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, отбасылық фестивальді ұйымдастырушылар мен бастамашылар қатарында Бала құқықтарын қорғау жөніндегі департамент, Білім басқармасы, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің гендерлік зерттеу орталығы мен «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстандағы филиалы бар.