ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицияға сот ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 18.05 шамасында Өскемен қаласындағы соттардың біріне бомба қойылғандығы туралы хабар түскен.
«Полицияға белгісіз азамат Қасым Қайсенов көшесінде орналасқан №2 қалалық соттың ғимаратына бомба қойылғандығы туралы хабар берді. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері сол жерге барып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардан егізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды және сабырлық сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.