Өскеменде су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді
22:40, 27 Наурыз 2018
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің Согра ықшам ауданында су шайып кеткен Маховка өзенінің үстімен өтетін көпір қысқа уақытта қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Металлург» және «Восточник» бағбан серіктестіктерінде шамамен 600 түтін тұрады. Олар осы көпір арқылы қалаға барады, «жедел жәрдем» осы көпірмен жүреді, өрт сөндірушілер мен полиция да осы көпірді пайдаланады. Тасқын кезінде көпірді су шайып кетті. Бірақ ол шұғыл түрде қалпына келтірілді», - дейді қала әкімдігінің қызметкерлері.
Сограда жағдай тұрақты, бүгін 4 мың текше метр еріген қар суы шығарылып, 30 үйдің ауласы судан тазартылды.