Ертістің қарқыны қатты болғаны соншалық, жігітті жүздеген метрге ағызып әкеткен. Тек қалқыма көпірден асқан кезде барып, өзен ортасындағы төмпешікке шығып, аман қалған. Су ортасында жартылай жалаңаш отырған жігітті көпірден өтіп бара жатқан адамдар байқап, «112»-ге хабарласады.
«Дабылға жағажайларды қайықпен патрульдеп жүрген №5 жасақ бірінші болып үн қатты. Жағаға аман жеткен жігіт киім-кешегі мен ұялы телефонын жоғалтып алған. Киімсіз қалған жігітті құтқарушылар үйіне жеткізіп салды. Оның су түспес бұрын арақ ішкені анықталды», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.
Мамандар жігіттің аман қалуын мыңнан бір кездесетін кездейсоқтық деп бағалап отыр.