ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Өскемен қаласында трамвай рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күннің күрт жылып кетуіне байланысты қар еріп, трамвай рельсін су басуда. Соның салдарынан Қазақстан мен Мызы көшелерінің қиылысында келе жатқан трамвай рельстен шығып кетті.
Бұл бірінші жағдай емес. 20 ақпан күні Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында да осында жағдай болған еді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.