Өскеменде таңертең болған жол апаты жайлы жаңа мәліметтер белгілі болды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 тармағы - адам өліміне әкеліп соққан жол апаты бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кетті.

 Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ШҚО ІІД мамандары  айтты.

Ақпаратқа сәйкес, таңғы 8 шамасында Защита ауданы маңында жол-көлік оқиғасы болды. «Renault Sandero» көлігінің 64 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп «Volkswagen Passat » автомобиліне соғылған.

«Renault Sandero» жүргізушісі сол жерде қаза тапты. «Volkswagen Passat » жүргізушісі мен жолаушылары көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік , таңертең Өскемендегі Защита ауданы маңында  жол апат болды.

Куәгерлердің айтуынша, ҮМЗ маңындағы көпірден түсе берісте екі жеңіл көлік соқтығысып қалған. Дәл осы  жерде жылдамдықты шектейтін жол белгісі орнатылған. Екі көліктің де сау тамтығы қалмаған, куәгерлер адам өлімі болғандығын жеткізді.