ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында су тасқынының алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Жаңа Согра кентінде су тасқынының алдын алу мақсатында арықтар тазалануда.
«Өскеменде барлығы 1965 үйді су басу қаупі бар. Осы орайда құтқарушылар төтенше жағдайдың алдын алу бағытында саяжайларды аралап тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ өзендерді бақылау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды», - делінген ведомство мәліметінде.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.