Өскеменде титан-магний комбинатының құбыры жарылып, жердің ақ түске боялуына қатысты тексеру жүргізілді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында титан-магний комбинатының құбыры жарылып, жердің сүт сияқты аппақ түске боюлануына қатысты тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желіде «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ құбырының жарылып, соның салдарынан жердің сүт сияқты аппақ түсті сұйық қалдықтармен ластанғаны жайлы видео тарады. Соған орай мамандар арнайы тексеру жүргізген.

«Анықталғандай, комбинаттың қалдық жинағышы құбырының бір бөлігі жарылып, сол күні бірден қалыпқа келтірілген. Ал одан төгілген сұйықтықтың аппақ түсті болуы оның құрамында ауыр металдарды бейтараптандыратын әкті сүттің қосылуына байланысты. Суды тазартудың бұл технологиясы барлық металлургиялық зауыттарда қолданылады», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта учаскеде аумақты тазарту жұмыстары аяқталды. Қоршаған ешқандай залал келтірілген жоқ.