ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Назарбаев даңғылында маршрут бойынша жүретін трамвай өртеніп кетті. Сол кезде іште болған жолаушылар өз беттерімен сыртқа шығып үлгерді.
«Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Белгілі болғандай, трамвайдың электр сымдары отқа оранған. Көп ұзамай жалын толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша өрттің шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс істеу себеп болған», - делінген ақпаратта.
Тілсіз жаумен күреске 2 техника мен жеке құрамнан 8 адамы жұмылдырылды.