ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде келе жатқан трамвайдан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.
«Күннің күрт жылынып кетуіне байланысты трамвай рельсіндегі қар еріген. Жолай өтіп бара жатқан көліктер су шашып, қоғамдық көліктің моторы ылғалданған. Бұл өрттің шығуына себеп болған», - дейді ол.
Оның айтуынша, трамвай бірден қалалық паркке жеткізіліп, тексерілуде.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде трамвайдың рельстен шығып кеткені хабарланған
болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.