Бүгін таңертең Б.Александров атындағы спорт сарайының тұсындағы жерүсті өткелінің маңында трамвай рельстен шығып кетті.
Соның салдарынан Абай даңғылында Өскемен вокзалына қарай бағыт алып бара жатқан төрт трамвай тоқтады. Бұған рельстердің мүшкіл жағдайы себеп болған. Оқиға орнына бірден «Көлік компаниясы» ЖШС мамандары жетті. Бір сағат ішінде қозғалыс қалпына келтірілді.
«Бірақ рельстер әлі де жөндеуді қажет етеді. Түнге қарай жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бұл рельстерді ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қаражат бөлінген соң, тиісті жұмыстар атқарылады», - деді компания басшысы Михаил Чайка.