ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін Абай даңғылында болған.
«Трамвайдан түскен ер адам жолдан өтіп бара жатты. Сол кезде екінші жолақпен келе жатқан жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соққыдан ұшып түскен азамат асфальтқа құлады», - делінген ақпаратта.
Абырой болғанда, жаяу жүргінші аман қалды. Оны жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, сараптама жүргізуде. Кімнің кінәлі екендігі соның нәтижесінен кейін белгілі болады. Себебі аялдаманың жанында жерасты өткел бар. Ал жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.