ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Мызы көшесінде екі трамвай соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 ақпан күні бірінің артынан бірі келе жатқан № 1 және № 3 трамвайлар соқтығысып қалған.
«Екі қоғамдық көліктің бірі 1977 жылдан бері жүріп келеді. Әзірге апаттың не себепті орын алғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп түсіндірді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка.
Атап өтілгендей, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
фото:
yk-news.kz
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.