Ол өз сөзінде Сингапурдың сот ісін жетілдірудегі тәжірибесін енгізудің маңыздылығына тоқталып, қарапайым азаматтарға келер пайдасы мол екенін атады. Аталмыш елде шұғыл қарауды талап тетін істерді аптасына төрт рет «Түнгі сот» режімінде қарастыру жолға қойылған екен.
«Соттасушы тараптар болған жайды алдын ала жазбаша баяндап, құжат толтырады. Іс бір түннің ішінде қаралып, шешімі шығады. Өзге елдердің тәжірибесі мұндай жедел соттың шешімі қайта қаралмайтынын көрсеткен» - деді Жоғарғы сот өкілі.
Облыстық сот өкілдері аталмыш ілкі жобаға қатысты сауалдар қойып, бірқатар ұсыныстар айтты. Кездесу соңында Ұлболсын Сүлейменова «Түнгі соттың» енгізілуі құзырлы орган жұмысын жетілдіруге бағыталатынын айтты. Сондай-ақ, оның қатысуымен «Сотта татуластыру рәсімдері» ілкі жобасын жүзеге асыру бойынша семинар-тренинг өтті.
«Биыл 12 наурыздан бері Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында татуластыру рәсімдері бойынша ілкі жоба жүзеге асып жатыр. Әзірге нәтижесін көңіл толуда» - дейді Жоғарғы сот сот өкілі.