Сонымен қатар, тамыздың 31-і күні Өскемендегі Жамбыл атындағы драма театрда республика ақындарының биыл үшінші рет өткізіліп отырған дәстүрлі «Шығыс шынары» атты жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетеді. Ал қазан айының алғашқы онкүндігінде республикалық ақындар айтысы өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ осы қазан айында дәстүрлі әндерді орындаушылар арасында халқымыздың ұлы композиторы әрі арқалы ақындарының бірі Әсет Найманбаевтың 145 жылдығына орай әншілердің «Алаштан ән оздырған» атты халықаралық байқауы мен күллі түркі халықтарының алтын бесігі, Абай, Шәкерім елі - Шығыс Қазақстаннан қанат қаққан әйгілі өнер және спорт жұлдыздарын қамтитын «Ағажай - Алтай» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілмек.
22:29, 18 Тамыз 2012
Өскеменде тұңғыш рет Шәмші әндерінің байқауы өтеді
АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - Өскеменде 20-21 қыркүйек күндері тұңғыш рет Шәмші әндерінің байқауы өтеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.