Өскеменде тұрғындар егеуқұйрықтардың қаптап кеткеніне шағымданды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласының тұрғындары бірнеше көшедегі көпқабатты үйлер маңында егеуқұйрықтардың жаппай көбейіп кеткеніне шағымданды. Олардың айтуынша, кеміргіштер тұрғын үйлер мен қоқыс жәшіктері орналасқан аумақта қаптап жүреді.

Фото: freepik.com

Мәселе Астана көшесіндегі № 4 және № 6 үйлерге, Н. Назарбаев даңғылындағы № 1, № 1/1, № 3 және № 3/1 үйлерге қатысты.

Тұрғындар бұл туралы әлеуметтік желіге видеолар жариялап, өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Кадрлардан қоқыс жәшіктері орналасқан аумақта бірнеше егеуқұйрықтың жүргенін көруге болады. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде қоқыс шығару тарифі өзгергені хабарланған.