ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемендегі Титан магний комбинаты орналасқан шағын ауданды түтін тұмшалап кетуіне байланысты оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды.
Кешелі бері ТМК кәсіпорны орналасқан Согра шағын ауданында ауаның ластанғаны жайлы видео тарай бастады. Онда көшелерді түтін басқаны көрінген.
Осыған байланысты облыстық штаб құрылып, сол жерде жұмыс істеп жатқаны да хабарланды.
Қалалық Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сол аудандағы барлық мектептің бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптағы оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Ал екінші ауысымның қалай оқитыны туралы ақпарат әлі жария етілмеді.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде желіде тараған видеодан соң экологтар тексеру жүргізгені хабарланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.