ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Өскемендегі газет дүңгіршектерінің бірінде Қазақстан аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер мен атрибуттарды сату фактісін анықтаған.
«50 жастағы әйел адам ұсталып, одан 12 кітап тәркіленді. Қалалық әкімшілік сотының шешімімен оған ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігіне сәйкес діни кітаптарды жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсатынсыз белгіленбеген жерде сатқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, заң бойынша тыйым салынған діни кітаптарды сатқан жеке тұлғаларға – 50 АЕК, ал заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.