Өскеменде Үкімет пен ХҚДБ экожобасының алғашқы жобасы тапсырылды
Кеше мемлекеттік комиссия жобаның алғашқы нысанын пайдалануға қабылдады. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының № 6 конустық құрылғысы, Өскемен ЖЭО №1 конустық құрылғысы, Өскемен титан-магний комбинатының конустық құрылғысы, Эксперименталдық қорғаныс-мырыш комбинатының конустық құрылғысы пайдалануға енгізілді.
Он жылдан бері жиналған өнеркәсіптік қалдықтары ауа мен суды улы заттармен ластады. Олар конус құрылғыларында заманауи технологиялар көмегімен сенімді түрде көмілді.
Жыл соңына дейін атомсфераны ластайтын екі ірі - Үлбі металлургиялық зауыты №6 құрылғы-нысаны мен Конденсаторлық зауытының қалдық жинауышын тасқын су мен жауын-шашын ықпалынан жабу жоспарлануда.
Бұл туралы комиссия басшысы, АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекниязов мемлекеттік қабылдау кезінде хабарлады.
Өскеменнің жер асты суларын тазалау бойынша Үкімет пен ХҚДБ-ның осы ауқымды бірлескен жобасын іске асыру 2008 жылы Президенттің бастамасымен басталған. Сол жылы Парламент Халықаралық қаржы институтынан қарыз алу туралы келісімді ратификациялады. 2008 жылы желтоқсанда күшіне енген жобаны іске асыруға 7 жыл берілді.
Жобаның толық атауы жұмыс мәні мен көлемін ашады: «Үкімет пен ХҚДБ жер асты суларының ластануын болдырмау, Ертіс өзені жағалауындағы уытты қалдықтарды миграциялау, Өскемен қаласы аумағы шегіндегі Үлбі мен Ертіс өзендерінің су бассейндері мен су жинау алаңдарында су сапасы мониторингінің институционалдық тетіктерін нығайту бойынша бірлескен жобасы». Қазір жоба аяқталды.