Өскеменде Үлбі көпірінен ақау шықты
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскеменнің маңызды көлік насандарының бірі – Үлбі көпірінен ақау шықты. Көпірдің біріктірілген жері бүлінген.
Инженерлік құрылғы көліктің көп жүруінен болған, деп хабарлады көпірге қызмет көрсетуші «Таза Өскемен» компаниясының өкілдері.
Көліктер өтіп жатқан кезде көпірден темірлердің үйкелген дыбысы шығатын. Оны жүргізушілер де байқаған.
-Көліктер көпірден өткен сайын дөңгелектері бірдеңе тиіп жатқан сияқты қатты дыбыс шығатын. Өз кезегінде ол елдің алаңдаушылығын тудырды,-дейді Өскемен тұрғыны.
-Біз жедел түрде ақауды анықтап, тозған бөліктерін алып тастадық, секцияны қайтадан орнына орналастырдық. Қазір көпірден өткен кезде ешқандай дыбыс шықпайды, яғни ол қауіпсіз,-деп нақтылады «Таза Өскемен» өкілдері.
Осыған дейін ШҚО-да ауыл халқына қауіп төндірген Глубочанка өзенінің арнасы тереңдетіліп жатқаны туралы жаздық.