Ведомствоның ақпараты бойынша, сәрсенбі күні «Үлбі-Кешен» серіктестігінің кәсіпорнында өнеркәсіптік тоңазытқышқа аммиак айдайтын құбырда ұзындығы 1 см жарықтың пайда болуы салдарынан ауданы 600 шаршыметрді алып жатқан бокстан 15-20 литр аммиак төгілген.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады министрліктен.
Қазір бұл құбырмен аммиак айдау тоқтатылды. Оқиға орнынан 3 адам қауіпсіз жерге әкетілді, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды. Бокста газсыздандыру жұмыстары жүргізілді.