Өскеменде Үлбі өзеніндегі су деңгейі көтерілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Үлбі өзеніндегі су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Үлбі өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты құтқарушылар мен жергілікті әкімдік қызметкерлері Согра кентінің тұрғындарына түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Күнделікті бақылау жасайтын мамандардың дерегінше, қазіргі уақытта аталған өзеннің деңгейі - 6,19 метр. Соңғы тәулікте су 13 сантиметрге көтерілген.

«Су деңгейі әлі қауіпті шегіне жеткен жоқ. Жағдай тұрақты. Десе де тұрғындардың сақтық шараларын қабылдағаны дұрыс», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, су деңгейі 8 метрге жетсе, сол маңайдағы елді мекендерді су басу қаупі туындауы мүмкін.