«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: тарих, оны зерттеудің әдістемесі және жаңа заманға сай зерделеу» деген тақырыпты арқау еткен конференцияның жұмысына Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ардагерлер ұйымдарының Орталық кеңесінің төрағасы, генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Академияның Сібір бөлімінің Тарих институтының директоры Владимир Ламин, екі елдің ғалымдары, тарихшылары мен мұрағатшылары қатысады.
Форум аясында секцияларда мәжілістер өтеді, ал кешке қарай «дөңгелек үстел» отырысы жоспарланған.