Өскеменде ұры бір күнде бір ауладан бірнеше көлікті қатарынан тонап кеткен

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде ұры бір күнде бір ауладан бірнеше көлікті тонап кеткен. Бұл туралы Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөзмәліметтеріне қарағанда, Өскемен қаласы Полиция басқармасының «102» арнасынабір күнде бірнеше адам хабарласып, аулаларында тұрған көліктерінің тоналғанынайтып шағымданған. Барлық дерек бойынша қылмыстық әрекет бір тәсілмен, яғникөлік құралының терезесін сындыру немесе кілт таңдап ашу арқылы жүзегеасырылған.

Қоңыраулардықабылдағаннан кейін Өскемен қалалық полиция басқармасының Үлбі полициябөлімінің қызметкерлері дереу ізге түсіп, сол күні тағы бір жымысқы әрекетініске асырмақ болған ұрыны қолға түсірді.

Беспаловкөшесіндегі бір үйдің ауласында тұрған шетелдік автокөліктің оң жақ әйнегінсындырып, ішіндегі мүлікті тонамақболған қарақшы тәртіп сақшылары ұстап алды.

«Тексерубарысында 38 жасар күдіктінің бұрын да істі болғаны анықталып, тергеу аясындасол күні жасалған барлық ұрлық істері айғақталады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстауизоляторына тоғытылып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті»,-деді Өскеменқаласы Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары РауанБайсейітов.

«Бейбіт күндеқарапайым қала тұрғындарына шығын келтірген қарақшы осылай қолға түсіп, алдағыуақытта заң алдында жауап беретін болады. Полиция басқармасы тұрғындарға жәнеқала қонақтарына жеке мүліктеріне аса мұқият болуларын тағы бір мәрте ескертеді»,-делінгенхабарламада.