Өскемен осымен екінші жыл қатарынан клубтық Азия чемпионатын қабылдамақ. 11-18 шілде аралығында өтетін жарысқа Сары құрлықтың ең үздік деген 10 командасы қатыспақ.
Қазақстан атынан ел чемпионы «Алтай» командасы сынға түседі. Жеребе бойынша жергілікті «Алтай» қытайлық Тайбей, Иран командаларымен бірге «Б» тобына түсті. «А» тобында Тайланд, Жапония және Қытай елдерінің чемпиондары бақ сынайды. Ал «С» тобында Вьетнам, Филиппин, Индонезия және Шри-Ланка командалары бар.
Айта кетейік, өткен жылғы сайыста «Алтай» командасы 8 команданың ішінде төртінші орын алған болатын.