Өскеменде заңсыз пиротехникалық өнімдер тәркіленді
00:13, 29 Желтоқсан 2019
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде заңсыз пиротехникалық өнімдер сатылатын орын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сатушының сөзінше, тауар Алматыдан жеткізілген. Ал рұқсат қағаздарының жоқтығын ол уақытының болмауымен түсіндірді. Арнайы рұқсаты жоқ тауарды пайдалануың соңы қандай жағдайға душар ететіні түсінікті ғой»,-дейді полиция.
Рейд барысында құтқарушылар мен полицейлер заңсыз өнім сатылатын орындардан 100 пиротехникалық өнімді тәркіледі.
Айта кетейік, тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімдердің арнайы контейнерлерден тыс және лицензиясы жоқ адамдардан, көліктен, жалпы алғанда қолдан сатып алуға тыйым салынғанын тағы да ескертті.
Шығыс Қазақстан облысында осы уақытта «Пиротехника» атты республикалық жедел-сауықтыру шарасы өтіп жатыр.
Орал Ерланулы