Алғаш болып Ушанов алаңында тұрған сауда нысаны алынды. Бұл дүңгіршектің қала әкімдігіне тиесілі жер теліміне заңсыз орнатылғаны былтыр күзде анықталған болатын. Сот оның иесіне заңсыз әрекеті үшін 6,8 млн теңге айыппұл салған.
«Нысан иесі айыппұлды төлегенмен, дүңгіршекті алып тастамаған. Қала әкімдігіне нысанды сүруге тура келді. Қала бойынша 200-ден астам сауда дүңгіршегі бар. Олардың қаншалықты заңға сәйкес жұмыс істеп тұрғаны тексерілетін болады. Заңсыз дүңгіршектің бәрі сүріледі. Бірақ бұл нысан иелеріне саудамен айналысуға тыйым салынады деген сөз емес. Астана қаласындағы «1000 сауда орны» бағдарламасын біз де басшылыққа алмақпыз. Кәсіпкерлерге 20 сауда павильоны аукцион арқылы ұсынылмақ» - делінген әкімдіктің Фейсбуктегі парақшасында.