ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 42 жастағы ер адам белгісіз біреулердің Өскемендегі мемлекеттік мекемелердің бірінің балансында тұрған трансформатор будкасынан 7 радиатор мен цистернаны ұрлап кеткенін жеткізді. Материалдық шығын мөлшері – 1 200 000 теңгеден асқан.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері Ұлан ауданының 69 жастағы тұрғынын ұстады. Зейнеткер өз кінәсін мойындап отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.