ШҚО экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам пайда табу мақсатында жалған бухгалтерлік құжат жасаумен айналысқан.
Департамент қызметкерлері оған қатысты тергеу амалдарын аяқтады.
«Анықталғандай, ол 2017-2019 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарға заңсыз шот-фактура жазып келген. Осылайша, сол компаниялар бірнеше жыл салықтан жалтарды. Қала тұрғыны ашқан жалған мекемелерде жұмысшылар штаты, дүние-мүлік пен қоймалар болмады. Оның бұл әрекетінен мемлекетке 247 млн теңге мөлшерінде шығын келген» делінген хабарламада.
Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігі және 28-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.