ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаңа демалыс орны пайда болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайлы қала басшысы Жақсылық Омар Instagram -дағы парақшасында жазды.
«19-шы шағын ауданда жаңа аллея салынуда. Демалыс орнының ұзындығы бір шақырымнан асады. Бүгінде аллеяның жартысы толықтай қолдануға берілді, ал қалған бөлігінде абаттандыру жалғасуда. Бұл жер тұрғындардың сүйікті орнына айналатындығы сөзсіз», - деді ол.
Қала әкімінің мәліметінше, аллея аумағында 350-ден астам көшет отырғызылған. Сондай-ақ орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.