Бұрын хабарланғандай, 6 қыркүйек күні қаладағы Абай көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде бензин құю барысында бензин буы шығып, жарылыс болған еді. Денесінің 70 пайызын, соның ішінде 40 пайызын қатты күйік шалған Евгенийді қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген еді.
Дәрігерлер бір апта бойы оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салды. Жігітке сегіз литр қан қажет болып, қала тұрғындары жас азаматтың өмірін құтқарып қалу үшін қан тапсырды. Өкінішке орай, оны құтқарып қалу мүмкін болмаған, бүгін таң ата ол бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.