ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаңажылдық бас шыршаның шамдары жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша «Республика» алаңына орнатылатын шырша шамдары жағылды.
«Өскеменде жаңажылдық безендіру бойынша жұмыстар аяқталуға шақ қалды. Сондай-ақ Арбат, Комендантка және 19-шы ықшам ауданында интерактивті шыршалар орнатылған», - деп жазды шаһар басшысы Жақсылық Омар Facebook парақшасында.
Бүгінде қалада 6 мұз айдыны ашылған. Олар «Алтай» және «Титан» стадиондарында, Сол жағалау және Самал саябақтарында, Коменданткада мен Комсомол аралында орналасқан.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.