Өскеменде жартасқа өрмелеу алаңында қайтыс болған құтқарушыға арнап мемориалдық тақта орнатылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге жақын жердегі Согра кентінде жартасқа өрмелеу алаңында жарысқа дайындалу кезінде арқан үзіліп кетіп қаза тапқан құтқарушы Алмас Мұсақанның рухын мәңгі есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды. 3 қыркүйекте Алмас 35 жасқа толар еді. Оқиға орнына оны еске алу үшін туыстары мен әріптестері жиналды. Жақындары, достары, әріптестері алдында ол қиындықтан қаймықпайтын, адал жолдас, елгезек қызметкер, қарапайым мейірімді жан ретінде есте қалды.

«Алмас өз ісінің маманы еді. Ол жүздеген авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты. Қызметі уақытында өзін білікті маман ретінде көрсете білді. 3-ші сыныпты құтқарушы, сүңгуір, парамедик, альпинизм бойынша үшінші спорттық разряды болды», - деді  ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі бастығының орынбасары Ғафур Ақаев.

Алмас жұмысын өрт сөндіруші болып бастаған, әр кез өзін жетілдіріп отырды. Кейіннен құтқарушы болып ауысты.