Еске салсақ, оқиға 7 мамыр күні кешке болған. Сол кезде көпір үстінде сегіз адам болған. Оның ішіндегі төртеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер.
Олар ойын барысында көпірді тербеткендерін мойындаған. Соның салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің жабындысы зақымданған.
Енді көпірді жөндеуге бюджеттен 21 млн теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Қазіргі уақытта қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жариялаған байқауды түркістандық компания ұтып алған.
Техникалық құжаттамаға сәйкес, жалпы ұзындығы 240 метр болатын болат арқандарды, қоршауларды ауыстыру, көпір төсемінің бір бөлігін жаңарту, жер төсемімен түйісетін тұстарын қалпына келтіру және сырлау жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Осыған дейін Атыраудағы тасқыннан бүлінген көпірдің құрылысы ұзаққа созылып кеткені хабарланған.