Өскеменде жаяу жүргіншілер жолағында 19 жасар қызды қағып кетіп, мерт қылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде сол жағалаудағы даңғылда реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағының қиылысында түнде автомобиль жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Соққы қатты болғандықтан, бойжеткен сол жерде қаза тапқан. 25 жастағы «Toyota Aristo» автомобилінің жүргізушісін полиция ұстады, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, шағынаудан тұрғындары әлеуметтік желілерде сол жағалаудағы даңғылда түнгге қарай желікпе жүргізушілердің нағыз жарыс ұйымдастыратынын жазып жатыр.