АСТАНА. KAZINFORM — ШҚО өрт сөндірушілері жалынды сөндірді.
«Бүгін Өскеменде жеке тұрғын үйдің бірінде өрт орын алды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт 35 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», — деп жазды ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарлаңыз.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.