ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында «Желтоқсан алауы» атты мүсіндік композиция бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 16 желтоқсанда Өскеменде «Желтоқсан алауы» мүсінінің салтанатты ашылуы өтті.
Ол Ертіс жағалауындағы Ғашықтар аллеясында орналасқан.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған композицияның авторы – мүсінші Нұрбол Қалиев.
«Мүсіннің биіктігі 5 метрге жетеді. Онда мұзды жарып шыққан бүркіт бейнеленген. Композицияның ашылуына Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Желтоқсан оқиғасының қатысушылары келді», - делінген ақпаратта.
Салтанатты шара соңында жиналғандар мүсінге гүл шоқтарын қойды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.